Отбасы сағаты

Отбасының әлеуметтік мәртебесін нығайту, салт-дәстүрі мен құндылығын насихаттау мақсатында 4-сынып жетекшісі Жахиена А.А. «Әке — тірек, Ана — жүрек, Бала — тілек» атты сынып сағатын өткізді. Сынып сағаты ата-аналардың қатысуымен өтті. қатысушылар үш топқа бөлінді: «Әкелер тобы», «Аналар тобы», «Балалар тобы» әр топқа қызықты тапсырмалар оындап отырды. 3-сынып жетекшісі Киманова Г.О. «Отан — отбасынан басталады» атты сынып сағатын өткізді. Балалар аналарына арналған тілектерін білдіріп, өз отбасы туралы жазған шағын әңгімелерін оқып берді.Оқушылар өз отбасыларының  жарастығы, сыйластығы, татулығы туралы ойларын жазды. Сурет пәнінің мұғалімі  Алтаева И.М. «Мен және отбасым әрқашан біргеміз» тақырыбында сурет көрмесін ұйымдастырды.
«Отбасы сағаты» акциясы аясында өткен іс-шаралар өз деңгейіне жетті. Оқушылар отбасыларына деген сүйіспеншіліктерін, мейірімділігін көрсете білді. Сыйластық пен мейірімділік орын алған отбасы ешқашанда шайқалмайды. Болашақ Қазақстанның әрбір отбасы тату болса, еліміз де тату болады.

Дата публикации: 05.05.2018